Аталған көшелер қиылысындағы бағдаршам өткен демалыстан бастап, яғни 22 қаңтардан бастап істемей тұрды, бұл өз кезегінде көлік кептелісін туындатып, жүргізушілер тарапынан наразылық тудырды. Жағдай жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарлауының көмегімен шешілген болатын.
- Мен осы ауданды айналып өтуге тырысатынмын, маневр жасауға қорқасың, өйткені көлік ағымы күшті. Бізде осындай жағдайларды жүзеге асыратын мамандар жетіспей ме, адамдар жоқ па? – деп өз пікірімен бөлісті Яндекс таксиінің жүргізушісі.
Қалалық жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінде аталған жағдайға түсінік беруден бас тартып, телефонды қоя салды.
Semeynews.kz