ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ «Семей-РФ шекарасы» тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.
Semeynews.kz