ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

Семейде “Назар аударыңыздар!” деген дабыл қағылады

Семейде азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz..

Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында сағат 10:00-де «Назар аударыңыздар!» деген республикалық құлақтандыру дабылы жоспарланған. Ол құлақтандыру жабдығын дайындауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

«Электрсиреналар мен дауыс құрылғыларын қосу, сондай-ақ, теледидар («Хабар», «Қазақстан», «31 канал», «24 KZ», «Евразия», «КТК», «НТК») мен радиоарналардың эфирін хабарлау, интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпараттарды орналастыру жоспарланып отыр. Тұрғындарды сабыр сақтап, үрейленбеулерін сұраймыз», – делінген хабарламада.

ТЖБ «Назар аударыңыздар!» дабылы барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін жасалатын ескерту екенін мәлімдеді.

Дабыл болғанда не істеу керек?

Егер Сіз жұмыста, немесе далада болып, «Назар аударыңыз!» дабылын естіген болсаңыз, теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты әрі қарай әрекет ету туралы нұсқау алу үшін оқып шығу керек.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button