ҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семей медициналық университетінде «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атты дөңгелек үстел өтті

Семей медициналық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ұйымдастырушылары – Семей медициналық университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары. Сұхбат алаңы университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамның, «Nur Otan» партиясы депутаттарының, қаладағы жоғарғы оқу орындарының ғалым-тарихшыларының, сондай-ақ қала басшылығы өкілдерінің басын қосты.

  • Бұл өте маңызы шара. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Еліміз биік шыңдарға көтерілді. Енді біз сеніммен төртінші онжылдыққа қадам баса аламыз. Біздің халқымыздың ана сүтімен берген дәстүрлері біздің еліміздің ары қарай дамуы үшін берік негіз болады деп ойлаймын. Ол үшін не қажет? Ол үшін қоғамның консолидациясы, бірлестіктері қажет. Бұл біздің елімізді оданда жоғары биіктерге әкеледі деп ойлаймын, – деп конференция барысында атап өтті Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Жиын барысында әр қатысушы Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктері, негізгі саяси кезеңдер және экономикалық құрылыс, ішкі және сыртқы саясат және еліміздің және қоғамның маңызды аспектілері туралы  өз пікірлерімен бөлісе алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button