ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жүргізуші көлік оқиғасынан кейін өз көлігінде қысылып қалған

Өскемендік құтқарушылар жол-көлік оқиғасы салдарынан көлігіне қысылып қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемендегі понтон көпірі тұсында ВАЗ-2106 және ГАЗель көліктері бетпе-бет соқтығысқан. 

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі көлікте қыстырылып қалған. ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құрылғылардың көмегімен зардап шеккен 1954 жылғы ер адамды алып шықты. Ер адам жедел-жәрдем қызметіне тапсырылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button