МәдениетҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семейде «Әлихан аңсаған – Тәуелсіздік» атты ақындар мүшәйрасы өтті

2021 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Әлихан аңсаған – Тәуелсіздік» атты ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыр мүшәйрасында ақындар екі бөлім бойынша бақтарын сынады. Шараның бірінші бөлімінде жас ақындар «Әлихан аңсаған – Тәуелсіздік!» Әлихан Бөкейхан мен Тәуелсіздік байланыстырылған арнау айтса,
екінші бөлімінде Отан, туған жер, тіл туралы жыр шумақтарын орындады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті – Байекенова Дильназ еншіледі, ІІ орынды № 15 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Төлеуқоңыр Жадыра жеңіп алды, жүлделі І орынды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті – Темірлан Темірбай қанжығасына байлады.

Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының дипломдарымен және алғысхаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы Б.Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Нұрболат Шакимарданға арнайы сыйлық табыс етіп, Әлихан Бөкейхан Университетінің 4 курс студенті – Қайроллаев Думанға университеттің арнайы стипендиясын тапсырды.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button