ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны заңсыз АК автоматының патрондарын сақтаған

Өскемендік тұрғыннан заңсыз сақталған АК автоматының патрондары тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспсөз қызметінің хабарлауынша, облыс полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алып тастау бойынша жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласы тұрғындарының бірі үйінде ойық қару патрондарын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды.

Ақпаратты тексеру барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны анықталды, ол сейфте қаруға арналған 20 патронды сақтаған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес 7,62 мм калибрлі патрондардың бірі Калашников автоматынан атуға арналған және 7,62 мм калибрлі ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып табылады, ал қалған 19 патрон ойық және аралас аңшылық қарудан атуға арналған 5,6х39 мм аңшылық патрондар. Патрондар зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқ-дәрілердің аталған азаматта болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button