
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы шаруа қожалықтардың бірінінде жиналған 280 тонна пішен өртенуде. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам және бірліктегі техника, сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан 5 адам және 5 трактор және учаскелік полиция пунктінен 1 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, өрт оқшауландырылды, мән-жайы анықталуда.
Semeynews.kz