ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО: Тарбағатай аудандық құтқарушылары пішен өртімен күресуде

Тарбағатай аудандың құтқарушылары Екпін ауылындағы пішен өртімен күресуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, түнде Тарбағатай ауданы Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде пішен өрт шыққан. 175 тонна оралған шөп өртенуде.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 3 бірліктегі техника, шаруа қожалықтан 1 трактор жұмылдырылды.

Өрт 07 сағат 52 минутта оқшауланды. Өрт сөндірушілер оқиға орнында әлі жұмыс жүргізуде, өрттің шығуы анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button