ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Курчатов қаласында 26 инклюзивті сынып және 4 инклюзивті топ жұмыс істеп тұр

Курчатов қаласында инклюзивті білім беруді дамытуға аса көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский баспасөз конференциясы барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру еліміз үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Курчатовта ерекше қажеттіліктері бар барлығы 83 бала есепте тұр. Мектеп жасында 46 бала, олардың төртеуі арнайы білім беру мекемелерінде, ал қалғандары жалпы білім беретін мектептерде оқиды.
– Бүгінгі таңда қаламызда 26 инклюзивті сынып және балабақшаларда 4 инклюзивті топ жұмыс істейді. Инклюзивті білім беретін әрбір оқу орнында психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар құрылды, – деп атап өтті Алексей Глазинский.
Курчатовтағы №3 орта мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы құрылды. Орталық қызметкерлері семинарлар, ашық сабақтар өткізіп, психолог мамандарымен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Қала басшысының айтуынша, Курчатовтың білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді жағдайлар жасалған. Тіпті кейбір балалар “Шектеусіз әлем” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің үйірмесіне барады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button