ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел арнасы бірнеше күн бойы ер адам үйінен шықпағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жетті.
Жалғыз тұратын 1950 жылғы ер адам үй бөлмесінде болып, үй төбесі құлап, төбе жабындысының аға бөліктерімен бөлмеде қамалып қалған. Зардап шегушінің айтуына қарағанда, ол осындай жағдайда бір апта болған.
Құтқарушылар ер адамды алып шығып, дәрігерлерге тапсырды. Дәрігерлер қарауынан кейін ауруханаға жатқызылды.
Semeynews.kz