
Өскемен қаласының полиция басқармасында түсіндіргендей, қазіргі уақытта облыс аумағында бірден екі жедел алдын алу шарасы – “Қауіпсіз жол” (15-17 қараша аралығында) және “Мал ұрлығы” (15-24 қараша аралығында) жүргізілуде. Осы кезеңдегі бірлескен жұмыстың арқасында полиция көптеген қылмыстардың алдын алды. Атап айтқанда, 16 қарашада Өскемен-Самар тас жолының жанынан жылқы табыны табылған -26 жануар қараусыз жол маңында жайылып жүрді.
“Сол жағалау ПБ учаскелік полиция инспекторлары патрульдеу кезінде Самсоновка ауылы маңында тас жолдың жанынан иесіз жайылып жүрген жылқыларды анықтаған. Кейін олар Өскемен қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының атты бөлімшесінің аумағына орналастырылды. Тексеру барысында жануарлардың иесі анықталған. Ол Самсоновка ауылының тұрғыны болып шықты”,-деді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Жылқы иесі ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлігінің (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) бойынша 3 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Semeynews.kz