ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да есірткіге масайған жүргізуші ұсталды

Шемонаиха ауданында есірткіге масайған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шемонаиха ауданында “Қауіпсіз жол” ЖААШ барысында “Рубеж” стационарлы-бақылау бекетінде  MITSUBISHI автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында полиция қызметкерлері 26 жастағы жүргізушінің психотропты заттардың әсерімен болуына күдіктенген.

Нәтижесінде наркологиялық сараптама жасалып, Шемонаиха ауданының тұрғыны есірткіге масайғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзіміне көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды көздейді.

Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button