ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімшесіне жеке сот орындаушысының ұйғарымы келіп түсті. Онда жазылғандай, 43 жастағы әйел кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұратын үш баласына бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлеуден жалтарып келген. Берешектің жалпы сомасы 500 000 теңгеге жетті.
«Іздестіру шараларын жүргізген көші-қон қызметінің мамандары 5 күн ішінде азаматшаның тұрғылықты мекенжайын анықтаған. Енді одан ақшаны өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады», – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Semeynews.kz