ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 1 қарашада «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлерімен Первомайский кентінің 24 жастағы тұрғынынан есірткі заты анықталды.
«Жедел – іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтайтын орында тінту жүргізу кезінде, атап айтқанда жігіттің гаражынан 2 қағаз түйіншек пен ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 2 полимер пакет табылып, тәркіленді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 221,6 граммды құрайтын кептірілген марихуана есірткі болып табылады.
Қаскөй бұл затты далада, Первомайский ауылының маңынан жеке пайдалану үшін жұлып алғанын айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша – өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Semeynews.kz