Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Исатаев «рахат» сауда үйінің жанында салынған ғимарат құрылысының заңдылығы туралы айтты. Аталған ғимаратты халық арасында «Отрыжка архитектуры» деп аталады.
«Бұл ғимаратты жеке тұлға тұрғызуда. Бұл жоба сараптамадан өтті және Өскемендегі ГАСКО-дан рұқсат алды. Бұл ғимарат бұрынғы қазандықтың қайта жаңартылуы болып табылады, ал бұл бөлігі кіреберіс ретінде салынған. Бастапқыда оларда ғимаратты «Рахат» сауда үйімен біріктіру ойы болған. Ғимарат екі нысанды біріктіретін өткел ретінде ойластырылған. Алайда, мүмкін, екі жақтың келіспеушілігі салдарынан шығар, қазір тек осы бөлік қалды. Бірақта нысанда барлық рұқсат ететін құжаттар бар», – деді қаланың бас сәулетшісі.
Сонымен қатар, А.Исатаев аталған ғимарат иелері маңайындағы жерді, ОӘД (ЦУМ) дейінгі аумақты аббаттандыруға уәде бергенін жеткізді. Нсыанды ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беруді жоспарлауда.
Semeynews.kz