Кеше Семей қаласының әкімдігі қоқыс коллапсын болдырмауға уәде берген баспасөз-релиздерін таратты. Алайда қалалықтар жиналған қоқыс үйінділерінде егеуқұйрықтар пайда болады деп қорқуда.
- Қоқыстың шығарылмағанына бір апта болды. Не болып жатқанын білмеймін, бірақта бірінші кезекте үй тұрғындары зардап шегуде. Біздің аудан үлкен. Біздің серіктестік тек қана үйлерге қызмет көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ банкке, мектепке және бизнес-орталыққа және басқа да ұйымдарға қызмет көрсетеді. Қоқыстың екі апта бойы шығарлмауы – масқара. Қандай шара қолдану керек білмеймін. Қызмет көрсетуші ұйым байланысқа бармайды. Адамдар наразылық танытуда, жаппай антисанитария басталды. Бұл ұйыммен қалай күресу керек екенін және немен байланысты екенін білмеймін, бірақ осымен күресу керек. Мәселе мұнда, «Семей Тазалық» әр тұрғынмен ресми келісімшарт жасасады, төлемдерді тұрғындар тікелей қызмет көрсететін ұйымға жолдайды. Менің білуімше тұрғындар ақыны уақытында төлейді. Бірақ осындай жағдай орын алуда. Бұл қала орталығы ғой, мектеп қасымызда, аула ортақ, балалар осы қоқыстардың арасынан өтеді. Аула тазалаушылар жұмыс істеуден бас тартуда. Бұлай істеуге болмайды ғой. Мен күнделікті серіктестікке қарасты аулаларды аралап өтемін, осындай жағдай барлық аулаларда қалыптасқан. Бұған дейін сәл жақсы болған, қоқыстарды шығару бір-екі күнге кешігетін, ал екі аптаға жуық шығармау болған емес, – деп таң қалуда «Ленина-Сервис» ЖШС басқарушы компаниясының директоры Татьяна Тиняева.
Жағдайды шешуге халық қалаулыра уәде беруде. Олар бірнеше аулаларды аралап, жағдайды өз көздерімен көрді. Олардың айтуларынша, қоқыс шығаруда Қазақстан бойынша Семейде ең төменгі тариф, халыққа сапалы қызмет көрсету шартымен тарифті көтеруге болады.
Депутаттардың мәлімдеуінше, үйыммен келіссөздер жүргізілуде және жуырда шешімін табады, ал тарифті өсіру шешімі жыл соңына дейін қабылданады.
- Міне 10 күн бойы «Семей Тазалық» ЖШС келіссөз жүргізілуде. Республика бойынша қоқыс шығару тарифі бізде ең төмен. Жыл соңына дейін тарифті өсіру мәселесі шешіледі. Бүгін кәсіпорын басшысымен сөйлестім, ол түсімдер түсіп жатқанын айтты. Жуырда мәселе шешіледі, оң нәтиже береді деген үміттеміз. Кәсіпорында тарифті өсіруге объективті себептері бар. Жанар-май бағасы қымбаттады, сондай-ақ жұмысшылар еңбекақыларын өсіруді талап етуде. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы жиналған, шешімдерін таппаған мәселелер де бар, оларды біртіндеп шешеміз деп ойлаймын, – деп қалалық мәслихат депутаты Жанат Молдағалиева жағдайға түсіндірме берді.
Қазіргі уақытта әрекет етуші «Семей Тазалық» ЖШС-мен жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеген жағдайда, онда монополистке қаладағы нысандарға қызмет көрсету құқығын өзге компанияға беру үшін жылжуға тура келеді.
Атап өту керек, шынында қоқыс шығаруға тариф бірнеше жыл бойы өзгерген жоқ. Биылғы жылы тарифті 310 теңгеге дейін өсіруді жоспарлаған. Алайда мәслихат, жоба жоғары тұрған органдардан тиісті келісуден өткен жоқ деген себеппен оны кері қайтарған болатын.
Semeynews.kz
Фото: Анатолий Тернов.
Қаланың бірнеше тұрғын аулаларында түсірілген фотосуреттер.