ҚоғамСемейТОП

Семейде «Ертіс» («Пищевик») стадионының орнына мектеп салу жоспарлануда

Қазіргі уақытта меншік иесінен жерді қайтарып алу шарасы қарастырылуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, қазір тек жерді қайтарып алу мәселесі қарастырылуда. Әзірше стадионды алынбайды.

– Меншік иесімен жерді жалға алу мерзімі 2024 жылы аяқталады. 2024 жылға дейін стадион жұмыс істей береді. Қазір жер учаскесін қайтарып алу шарасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажет. Жобалық ұйымға құжаттарды жолдау үшін заңды іс-шаралар жүргізу қажет. Яғни, жобалау процессі жүргізіледі, ал содан кейін қаржы бөлінеді, – деді қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Өз кезегінде, меншік иесі қарсылық танытуда. Оның айтуынша, басты мәселе ақшада емес, ал стадионды сақтап қалуда.

  • Біз 1996 жылы стадионның мүлкін сатып алдық. Сол уақытта мемлекет акт берген жоқ, тек техникалық паспорты болды. Осы 25 жылда біз стадионды сақтап қалдық, бұл жерде әлі күнге дейін балалар футбол ойнайды, олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары жаттығады. Қыс мезгілінде бұл жерде мұз айдыны болады. Мектеп салу үшін стадионды құртудың қандай қажеттілігі бар? Жанындағы арнайы мектепті сатып алуға немесе басқа жерден салуға болады ғой. Біз мүлік үшін қайғырып тұрған жоқпыз, біз стадион үшін қайғырамыз. Оның сақталып қалғанын қалаймыз. Егер, мемлекет стадионды сақтап қалатын болса, онда біз осы жер учаскесін қайтарып беруге дайынбыз. Маған мүліктің, ақшаның керегі жоқ. Бұл жерге мектеп салу мақсатсыз, – дейді меншік иесі Дауырбек Айманов.

Қазіргі уақытта аталған сұрақ қарастырылу сатысында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button