ҚоғамСемейТОП

Семейде құны 7,66 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба пайдалануға берілді

Биылғы жылы ауыл шаруашылығын, соның ішінде өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, инвестициялық субсидиялау және қайта өңдеу салаларын дамытуды қолдауға 1579,7 млн теңге субсидия бөлінді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы пресс-конференцияда қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев мәлімдеді.

  • Жыл басынан бастап жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 17,5 млрд теңгені құрады. Құны 7,66 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, олардың ішінде 159,1 млн теңге суару жүйелерінің құрылысына («Агрофирма Приречное» ЖШС, 5 данадағы Варлей су бүркегіш техникасына), 7,5 млрд теңге өсімдік майларын өндіретін май өндіру зауытының құрылысына («QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС). Сонымен қатар тауарлық жұмыртқа шығару бойынша құны 215,0 млн теңгені құрайтын («SEMEI QUS» ЖШС, 3,4 млн дана өндірілді) инвестициялық жоба енгізілді, – деді Нұрлан Шақабаев.

Биылғы Семей аймағы бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 15720,0 гектарды құрады. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар мен бақша дақылдары толық жиналды, күнбағысты жинау аяқталды, 3000 гектардан астам картоп, 1500 гектардан астам көкөніс жиналды.  Жалпы күздік далалық жұмыстарды жүргізуге және  аймақтағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін жемшөп дайындауға 705 тонна арзан дизель отыны бөлінді, тоннасына – 180 мың теңге.

  • Семейді дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Алғабас ауылдық округінде 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жоспарлануда. Шаруашылықпен 200 басқа арналған бордақылау алаңының алғашқы кезеңі аяқталды, 2022-2023 жылдары алаң 1000 басқа дейін кеңейтіліп, жобаны жүзеге асыру аяқталады. Асылтұқымдыларды өндіруді жүзеге асыру үшін 2021 жылы бордақылау алаңына 1500 бас бұқа қою жоспарлануда. Бұқаларды бордақылау алаңына өткізу 1 қазаннан басталды. Бүгінгі таңда 480 бас қойылды, жоспардың 32%. Қазан айында 800 басқа дейін, яғни 53%-ға дейін жеткізуді жоспарлаудамыз, – деп қосымшалады Н.Шақабаев.

Сонымен қатар тұрғындардан сүт жинау жұмыстары жалғасуда. Конференцияда атап өткендей, жыл басынан бастап 1210,9  тонна сүт сатып алынған. Бүгінгі таңда сүт өңдейтін кәсіпорынның жүктемесі 60 %. Қаланың сүт өңдеу кәсіпорны өз өнімдерін білім беру, денсаулық сақтау нысандарына, кәсіпорындар мен қала тұрғындарына жеткізуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button