ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды

Оралда екі көпқабатты үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қазан күні болды.

Сағат 16.02-де Гагарин көшесі 105/2-мекенжайында орналасқан төрт қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Тұрғын үйдің 26-пәтерінде асүйде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды.

Оқиға орнынан 9 адам шығарылды, оның төртеуі – балалар. Аталған пәтер иесі – әйел адам құтқарылды.

Өрт департамент күшімен (7 қызметкер, 2 техника) 16.25-те сөндірілді.

Сонымен қатар кеше сағат 22.12-де Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі 43-мекенжайында 9 қабатты жатақханадан өрт шықты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасының екінші қабатындағы 215-бөлмеде жеке заттар жанды. Оқиға орнынан 8 студент эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жау» сағат 22.57-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 9 қызметкер 3 техникамен жұмылдырылды.

Қазіргі кезде өрт оқиғаларының шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, Оралда ток соққан 26 жастағы жұмысшының қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button