ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғынын танысы ақшаға алдап кеткен

Шығысқазақстандықты танысы алдап, ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-нің кезекші бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың қаңтар айының басынан мамыр айының басына дейінгі кезеңде оның таныс адамы үйінде болған аралықта автомашиналар мен пәтерлерді төмен бағамен сатып алу сылтауымен 9 500 000 теңгеден астам сомадағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденгенін, кейін оны қайтармағанын хабарлады.

-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды жеткізді, күдікті өз кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабы 3-бөлімі бойынша ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button