
Қазіргі уақытта Үржар ауданының Егінсу ауылдық округіндегі “Мың көл” учаскесінде 30 га алаңда қамыс өртін сөндіруде, Өрт жетуі қиын, батпақты жерлерде орын алған және топырақтың сортаңдық типіне байланысты жанып жатқан от ошақтарына жету қиындық туғызуда.
Өртт сөндіруге өрт сөндіру бөлімі, Алакөл табиғи қорығы, жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалығы қызметкерлерінің күшімен 22 адам жұмылған.
Жанудың себептері – халықтың отты абайсыз қолдануы: сөндірілмеген темекі тұқылдары, от, көлік құралдарының ұшқындары, құрғақ шөпті жағу және найзағайдың түсуі болып жатады.
ШҚО ТЖД қызметкерлері Ішкі істер органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орман және дала жерлерінде өрт қауіпсіздігін бұзушыларды анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Үржар, Бесқарағай және Күршім аудандарында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Semeynews.kz