
Қонақтар Жапония Үкіметінің “Шөп тамыры” Бағдарламасы аясында орнатылған кір жуу цехы мен офтальмологиялық кабинет жабдықтарымен танысты. Елші мекеме қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін, тәрбиеленушілерге деген қамқорлықты атап өтіп, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Қонақтарды балалардың жан-жақты дамуы мен ұжымның тәрбие беру жұмысы таң қалдырды.
Сондай-ақ, елші мырза қазіргі жаһандық қауіп кезеңінде Қазақстандық қоғам бейбітшілік пен келісімнің үлгісі саналатынын атап өтті.
Semeynews.kz






