Қала күнін атап өту семейліктердің көңілдерінен шықпады (ВИДЕО)
Кеше, Семей қала күнін атап өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, тек қана бір «Семейім саған аманат» атты жылжымалы концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Ол туралы хабарлама қалалық әкімдіктің ресми аккаунтында жұма күні кешкісін пайда болды.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов әлеуметтік желіде семейліктерді қала күнімен құттықтады. Қала басшысы Семей қаласының дамуындағы оң өзгерістерді және алдағы уақытта қаланы аббаттандыру бойынша шешілетін көптеген міндеттер бар екенін атап өтті.
«Бүгін біз – бай мәдени-тарихи мұрасы, қызықты тағдыры, алуан түрлі сәулет өнері мен жан жылуы бар Семей қаласының күнін атап өтеміз. Біздің өлкеміз көрнекті тұлғаларға бай. Бұл жер әлемге ұлы жазушылар мен философтарды, ержүрек жауынгерлерді, көрнекті ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерін және спорт өкілдерін сыйлады.
Қазіргі кезде семейліктер біртұтас және тату отбасы ретінде өмір сүруде. Өткенді еске алып, тарихты құрметтеп, болашаққа сенімді қарайды. Тек Семейде ғана достық пен өзара түсіністікте 80-нен астам этнос өкілдері тұрып, 10 конфессия бейбіт түрде қатар өмір сүруде. Бүгінде бюджет көлемі бірнеше есеге артып, тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде, жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, үйлер салынуда. Қала жолдары жөнделіп, коммуникация жүйесі ретке келтірілуде.
Алдымызда біздің ортақ үйімізді абаттандыру бойынша көптеген маңызды міндеттер тұр. Бірлескен күш-жігерімізбен біз оларды шеше алатынымызға сенімдімін.
Өкінішке орай, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала күнін кең көлемде атап өте алмаймыз. Дегенмен, жақын арада ұжымдық вакцинация уақытша кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретініне және қалыпты өмірге оралатынымызға сенімдімін! Қала күні құтты болсын, қымбатты жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, біздің ортақ үйіміз – Семей қаласында бейбітшілік пен келісім тілеймін!», – делінген құттықтауында.
Семейге ресми мәліметтер бойынша қаншы жыл толғаны белгісіз. Әлі күнге дейін өлкетанушылар қаланың жасы туралы дауласуда. Біреулері, Семейге 300 жыл толды деген пікірді ұстанса, екіншілері – қалаға 1000 жыл деген пікірді ұстануда. Біреулер қала жасы туралы дауласып отырса, енді біреулері әлеуметтік желіде тараған жылжымалы концерт туралы видеоны талқылауда. «Типичный семск» инстаграм-аккаунтының пайдаланушылары келесідей мазмұнда өз ойларын білдіруде: «Бұған қанша …лярд жұмсады екен?», «Мдаа, айтарға сөз жоқ», «Мәдени астана деп аталады, оданда ештеңе ұйымдастырмаулары керек еді». Қала күнін жаппай мерекелеу 2019 жылы өткен. Сол уақытта билік күші қала күнін қала жасына байланыстырмай өтетін жеткізген.
Semeynews.kz