
Экпозицияға көне кадрлар, газет қиындылары және әр кезеңдегі олимпиада кубоктары қойылды.
Салтанатты іс-шараның құрметті қонақтары ретінде, Қазақстан барысы – 2021 Дәурен Нұралинов және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның солисті Серәлі Мұхамедсадықов қатысты.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысы Қараөткел ауылында дүниеге келген – 1948 жылғы 12 тамызда қайтыс болған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин туы ауылында жерленген) – әйгілі қазақ палуаны және цирк әртісі.
Қажымұқан мықты, алып денелі болған: бойы – 195 см, салмағы 139 келі (1946 жылы ол 174 келі болған).
Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрестен бірнеше мәрте (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) Әлем чемпионатын жеңіп алған. Француз күресінен чемпион атағын ұтып алған тұңғыш қазақ. Бірнеше рет әлемдік, ресейлік, аймақтық, содан кейін жалпыкеңестік ауыр салмақтар арасындағы классикалық күрес чемпионаттарын жеңіп алды.
1940 жылы қартайған палуан көрермен алдында соңғы рет өнер көрсетіп, осылайша өзінің ұзақ жылғы еңбегін аяқтады. Ұлы Отан соғысы басталғанда көптеген цирк әртістері өздерінің жинаған қаражаттарын майданға көмек ретінде берді, кеңес жауынгерлеріне көмек көрсету үшін Қажымұқан цирк-шапито ұйымдастырып, көрермендер алдында өнер көрсетті. Реквизиттері ретінде – балғаны, шынжыр мен гірді пайдаланып, ауылдарды аралады. Жетпіс жастағы қарт күштік жаттығулар көрсетті.
Өмірінің соңғы жалдары Қажымұқан билік тарапынан назарсыз қалды және үлкен отбасын өсіріп жеткізу үшін медальдарын сатуға мәжбүр болған.
Semeynews.kz