МәдениетҚоғамСемейТОП

«Блокадалық альбом»: Семейде жаңа көрме ашылды

Семейдегі қалалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің, «Сібір казактарының қауымдастығы» Қоғамдық ұйымының және Өскемен қаласындағы «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, белгілі ресейлік фотосуретші Сергей Ларенковтың көрмесі ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Блокадалық альбом» жобасы – бұл жас замандастың Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың бастан кешкен қиындықтарын түсінуге және сезінуге деген ұмтылысы.

Нева бойында қала және оның халқы 900 күн бойы өз өмірлері үшін күресті. Ленинград блокадасының тарихы адамдардың табандылығы мен ерлігіне толы, адамдзаттың бастан кешірген трагедиялары, ерліктері ешқашан ұмыт қалмайды. Осы сұрапыл сынақтарды фотосуретшінің «батыр» картиналарына айналған, сол жылдардың тілсіз куәгерлері –  Санкт-Петербургтағы үйлердің, сарайлардың қабырғалары, қала көшелері, саябақтар мен жағалаулары суреттейді.

Көрме экспозициясына 30 жұмыс қойылды. Олар Ленинград блокадасындағы фотосуреттерге қойылған қазіргі заманғы Санкт-Петербургтың фотосуреттері. Фотосуретшінің бұл еңбектері көрермендерге өткен тарихқа көз жіберіп, қала халқының ерліктері туралы ой тудырады.

  • Көрме Ленинград блокадасының 80 жылдығына арналған. Осы көрме Қазақстанның бірқатар қалаларын аралап, Петропавловск, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Тараз және тағы да басқа қалалардың үздік көрме залдарына қойылды. Міне енді Семейге келді. Қазақстан осы трагедиялық оқиғаға тікелей қатысы бар, Петропавловск және Көкшетауда құрылған 310-шы және 314-шы дивизияның жауынгерлері Ленинградты соңғы демі шыққандарынша қорғап, Ленинград блокадасына тікелей қатысты. Олар фашистік жаулап алушылардың қаланы талқандауына жол бермеді. Осы көрме – жас замандастың 80 жыл бұрынғы оқиғаларға көзқарасын көрсетеді. Сергей Ларенков Ленинград тумасы, бала күнінде апасы оған, өзі басынан кешірген блокада уақытындағы фотосуреттерді көрсеткен. Фотосуретші отбасылық мұрағаттағы жан түршігерлік кадрлардың санына таң қалды. Отбасы мұрағатының бірегейлігін айтып өту керек, себебі сол уақыттарда блокадалық Ленинградта фотосурет жасауға қатаң тыйым салынған. Қазіргі уақытта блокада кезінде халықтың қандай жағдайларда өмір сүргендері туралы фотосуреттер аз. Себебі отқа оранған, қираған Леннинград көшелеріне фотоаппаратпен шыққан кез келген адам, орнында ату жазасына кесілген. Өсе келе, Сергей лоцманға оқыған, баршаңызға белгілі, лоцмандардың көзмөлшерлері өте жақсы дамыған. Ол 1941 – 1942 жылдары жасалған фотосуреттердегі сантиметрге дейін нүктені есептеуді үйренді. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бірнеше жыл өтсе де ол осы орындарды тауып, қаланың бейбіт өміріндегі фотосуреттерін жасаған. Осыдан кейін ол, соғыс жылдарындағы фотосуреттің үстіне бейбіт өмірдегі суретті қойған. Өте таңғажайып әсер алынды, – деді Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресейлік ғылым және мәдениет орталығы директорының орынбасары Константин Воробьев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы көрме, оқушылар үшін өте маңызды. Себебі, қазіргі уақытта өскелең ұрпақ аталарының және арғы аталарының  соғыс жылдарындағы ерліктерін біле бермейді.

Көрме 9 қазанға дейін жалғасады. Мекенжайы: Мәңгілік ел көшесі, 4-үй, қалалық Достық үйі.

Semeynews.kz

 

 

Осы айдарда

Back to top button