ҚоғамСемейТОП

Семейде пәтер өрті шықты

Балалардың отпен ойнауынан пәтер дәлізінде өрт шықты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қыркүйек күні сағат 18-55-те өрт туралы хабарлама түскен. 408 квартал көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 5 қабатында орналасқан пәтер дәлізінде кілем өртенген. Оттың жалпы ауданы 3 шаршы метр.

  • Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгенге дейін, көршісі Бикетов Святослав есікті ашып, 2016 жылғы баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірген. Бала жеңіл дәрежелі жану өнімдерімен уланған, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

Өрттің алдын ала себебі: балалардың отпен абайсыз қолдану.

Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу өте қауіпті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button