ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі Солтүстік кентінің тұрғындарымен кездесті

Кент тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық көлік жұмысының мәселесі көтерілді, ата-аналар балаларды мектепке жеткізуді ұйымдастыруды және 45 бағыттағы маршрутты қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қыркүйектің алғашқы күндерінде көлік бірліктерінің тиісті санының болмауына байланысты проблемалар болды. “Семавтопарк” ЖШС қабылдаған жасыл автобустардың басым бөлігі апатты жағдайда. Қазіргі уақытта тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, автобустар желіге шығарылуда. Қазіргі таңда, Солтүстік кентінде автобустар тұрақты жүре бастады.

  • Біз қаладағы жол мәселесін біртіндеп шешеміз. Өздеріңіз білетіндей, Әуезов даңғылында ауқымды жұмыстар жүргізілді, Молдағалиев көшесіне асфальт төселді. Сапасы сын көтермеген Дулатов көшесіндегі жолда асфальтталды. Жақын арада шұңқырларды жөндеуді бастаймыз. Ағымдағы жылы тағы 24 көшеде грейдерлеу және құмды-қиыршықтасты қоспаны төгу жұмыстары жүргізіледі. Келесі жылы осы дайындалған көшелерге асфальт төселеді, – деді қала әкімі.

Кентте жыл басында 3-проезд, Грязнов және Кордонная көшелерінде асфальт жөнделді. Қазір кент тұрғындары Рубцовская және Томская көшелерін жөндеуді сұрауды. Аталмыш көшелер келесі жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілетін болады. Себебі ағымдағы жылдың соңына дейін аз уақыт қалды. Дегенмен, осы жылы бұл көшелерде құм-қиыршықтасты қоспаны төгу және грейдерлеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, аталған проблемалардан басқа өзекті мәселе – кентте бірде-бір ойын алаңы жоқ. Ұсынылған учаскелердің ішінен мамандар ең қолайлысын таңдап, келесі жылы балалар алаңын орнатылмақ. Сондай-ақ, тұрғындар жарық мәселесін де көтерді. Осы мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілмек.

  • Қазіргі уақытта көшені жарықтандыру, жол белгілерін орнату мәселелері пысықталуда. Қазан айында бюджетті қалыптастыру кезінде Солтүстік кенті тұрғындарының тілектері міндетті түрде ескерілетін болады, – деп қорытындылады Бақытжан Байахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button