
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Затон ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер тонауға қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.
- Қазіргі уақытта ер адам қала аумағында болған 11 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Қаскөй пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіріп, онда тұрған тұрмыстық техниканы, бағалы әшекей заттар мен ақшаны ұрлаған. Күдікті ұрланған заттарды Семей қаласындағы ломбардтардың біріне тапсырып отырған, – деді баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz
