ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Тарбағатай ауданының Қабанбай ауылындағы жер үй ауласында жиналған 45 тонна шөп өртенген. Өрт лезде жақын маңда орналасқан шаруашылық құрылысқа өршіген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды құрықтады.
Өрт қасақана жасалған. Іс материалдары тергеу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.
Semeynews.kz