
Облыс басшысы жөндеу жұмыстарын 15 – 20 қыркүйекке дейін аяқтауға тапсырма берді.
- Істің жағдайы жаман емес. 15–20 қыркүйекке дейін негізгі жөндеу жұмыстары аяқталады. Миллиард теңгеден астам қаражат игеріледі. Келесі жылға жоспарлаған модернизациялауды биылғы жылы аяқтау үшін, тағы бір миллиард қосымша бөлінеді. Осылайша, Орталық қазандығына қосымша 20 Гкал беріледі, бірақ негізгі міндет – ұзақ уақыт бойы бұл жерде сапасыз орындалғандарды аяғына дейін жеткізу, яғни, жылу желілерін реттеу және гидравликалық режимді сақтау. Бұл әр үй шын мәнінде қажетті жылуды алатынын білдіреді. Жылу беру және кері қайтарылымдағы қысымның төмендеуі техникалық нормативтерге сәйкес болуы керек. Бұл мәселемен «Теплокоммунэнерго» және әкімдік айналысуда. Біз соңғы жылдары алғаш рет барлық қалпына келтіру жұмыстарын жаңа жылға дейін аяқтаймыз. Бұл бізге қаланың жылу режиміне елеулі әсер етуге мүмкіндік береді, – деді Д.Ахметов.
Сонымен қатар облыс басшысы биылғы жылы мамандар былтырғы жылғы сияқты олқылықтарға жол бермейтінін айтып өтті.

Semeynews.kz


