
20 тамыз күні сағат 01.00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
«Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Semeynews.kz