ҚоғамСемейТОП
Семей: Восход кентінің «хош иісті» проблемасы
Восход кентінің тұрғындары міне бірнеше жыл көлемінде тұрғын үйлерге иісі келетін қоқыс мәселесіне шағымдануда. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан бөлек, бұл жерге қаладан өлген малдардың денелері әкелінеді, өлекселер ыдырап, иістенуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрғындар кент маңайы рұқсат етілмеген мал қорымына айналғанына, өлексе иісінің шақырымдық қашықтықтан шығатынына шағымдануда. Өлексе иісінің өткірлігі соншалықты, өмір сүру былай тұрсын, бұл жерде тіпті түсірілім жасау мүмкін емес.
Кент тұрғындарымен қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев кездесіп, қоқыс аумағында болып, жақын арада бұл мәселені шешуге уәде берді.
- Бұның барлығын шығару керек, экскаватормен көмектесеміз, көліктер келе алмайтындай етіп шұңқыр қазу керек, – деді А.Өтелбаев.
Тұрғындар өз кезегінде аумақты тазалап қана қоймай, сонымен қатар топырақ зерттеуін жүргізуді сұрауда. Ал ең бастысы – болашақта мал өлекселерін тазаланған аумаққа тастамас үшін, мал қорымына қаладан бөлек орын бөлу керек.
- Жеке мал қорымын жасау керек. Бұл жерді тазалап қана қоймай, және оны залалсыздандыру қажет. Өлекселерді тексеріп, малдардың неден өлгенін және ауыру қайдан шыққанын зерттеу керек. Мал терілері мен ішек-құрылысы барлық жерде шашылып жатыр. Иісі өте өткір, иттер осының бәрін мекен ішіне таратуда, – деп сұрауда кент тұрғындары.
ТКШ басшысы өз кезегінде, мал қорымының жобасы әзірленуде екенін айтып өтті, алайда бұл туралы нақтылы ақпарат бермеді.

Semeynews.kz



