
Сапар барысында Беларусь Елшісі Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының экспозициясымен танысты. Құрметті қонақ өткен жылы ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және мерекелеу аясында музейде атқарылған елеулі жұмыстарға оң баға беріп құнды экспонаттар мен инновациялардың үйлесімін жоғары бағалады.


Одан кейін Павел Владимирович Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруші “СемАЗ” ЖШС қызметімен танысты. Зауыттың серіктестерінің бірі Минск трактор зауыты болып табылады.
“СемАз” ЖШС базасында агроөнеркәсіп және басқа да сала өкілдері тарапынан үлкен сұранысқа ие тоғыз модификация бойынша “Беларус” маркалы тракторлар шығарылады.
- Біз, екі мемлекет басшыларының салиқалы саясатынұстана отырып, екі тараптың экономикалық мүдделерін жақсартуға және бауырлас халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деп көрсетті қала әкімі өзінің ресми Instagram парақшасында.





Semeynews.kz



