ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жол-көлік оқиғасынан бір жасар бала көз жұмды

Семейде екі көлік соқтығысып, бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 тамызда сағат 11:00-дер шамасында, 67 жастағы “LADA VESTA” көлігінің жүргізушісі Дастенов көшесінен Джангильдин көшесі шыға берісте, басты жолда жүріп келе жатқан “RENAULT” маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасында “LADA VESTA” көлігінің жолаушысы, 2020 жылы дүниеге келген бала өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі және тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Бірқатар сарапатамалар тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button