
Жиынның басты мақсаты – әскерилердің арнайы тапсырмаларды жеке дара және топ құрамында орындау дағдыларын қалыпта ұстау, жүзу даярлықтарын, судағы жауынгерлік әдістерін, арнайы жабдықтар мен техникаларды пайдалану шеберліктерін жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында басты назар топты жау тылына шығаруға аударылды.
- Барлаушылар құралдарды, жабдықтарды, түрлі тереңдіктегі қозғалыс жабдықтарын қолдана отырып сүңгу жұмыстарының негіздерін жетік білулері керек. Сонымен қатар, олар авариялық жағдайларда тиісті көмек көрсетіп, жасырын қозғалулары тиіс, – деп атап өтті 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің аға офицері майор Берік Бохаев.


Semey News



