ҚоғамСемейТОП

Қайым Мұхамедхановтың бейітіне қойылған құлпытас жөнделді

Семейде ғалым Қайым Мұхамедхановтың бейтіне қойылған құлпытас сындырылғаннан кейін қайта жасалып, бейіт басына орнатылды, деп хабарлайды Semey News.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 12 мамырда белгілі ғалым, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың бейітіне қойылған құлпытас белгісіз себептермен сындырылған болатын.
Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі сындырылған құлпытасты қайта жасатып, «Абай күні» абайтанушы ғалымның бейітінің басына орнатты.
Қ.Мұхамедхановтың алаш жұртына қалдырған мұрасын қастерлей отырып, рухына тағзым етеміз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button