ҚоғамСемейТОП

Ресейдің Калининград облысында семейлік солдаттың медалі табылды

Калининград облысының іздеушілері бұрынғы Шығыс Пруссиядағы ұрыс орнынан "За отвагу" медалін тапты. Ресей қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты зауыттық нөмірі бойынша бұл награда Семей тумасына берілгенін анықтады, деп хабарлайды Semey News.

“Қызыл Армия жауынгері Дмитрий Павлович Четыркин, 1910 жылы дүниеге келген, 323 атқыштар дивизиясының 1086 атқыштар полкінде миномет нысанашысы лауазымында қызмет өткерген. Курск шайқасында, 1943 жылы, Чиховка деревнясы түбіндегі шайқаста өз минометімен жаяу әскерлердің қозғалуын қамтамасыз еткен, миналары таусылғанда, ол автоматты алып, фашистерге қарсы шабуылға өзі шыққан”, – деп хабарлайды іздеуші Геннадий Полубин.

Наградалық құжатта, жауынгер Қызыл Армия қатарына 1943 жылғы 1 мамырда Семипалатинск әскери комиссариатымен шақыртылғаны жазылған. Оның мекенжайы: Семипалатинск қаласы, Деповская көшесі, 44-үй, 2-пәтер. Жақын туыстары көрсетілмеген.

Іздеушілер анықтағандай, Дмитрий Четыркин 1945 жылғы 25 наурызда ұрыста қаза тапқан және немістің Хайлигенбайль қаласы түбіндегі  Бауырластар зиратында (Братская могила) жерленген. Бұл қала қазір – Мамонова қаласы, Балтық теңізінің Калининград шығанағында орналасқан.

Іздеушілер награданы жауынгердің жақын туыстарына табыстағысы келеді. Басқа мұрағаттық құжаттар бойынша оның жақындары анықталды, жұбайы – Елена Яковлевна Четыркина, ұлы – Александр Дмитриевич Четыркин.

Іздеушілер Семей тұрғындарынан жауынгердің жақын туыстарын табуға көмек сұрайды.

Байланыс телефоны: 8-705-664-38-58 (Артур, ҚР іздеуші).

Semey News

Осы айдарда

Back to top button