ҚоғамСемейТОП

Семейдегі ескі көпір жабылды

Ескі көпір жабылатыны туралы қалалық әкімдіктің Инстаграм ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Semey News.

“Кеше сағат 20:00 шамасында ескі көпірдің оң жағындағы жаяу жүргіншілер жүретін  жолдың плитасы орнынан қозғалған.

Ескі көпірге қала әкімінің орынбасары, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің және жол-патрульдік полиция қызметінің өкілдері барды.

Көпір құрылымында айтарлықтай көрінетін қираулар жоқ. Алайда қауіпсіздік мақсатында ескі көпірдегі көлік құралдарының және жаяу жүргіншілер қозғалыстарын тоқтату туралы шешім қабылданды. Ертең мамандарды тарта отырып көпірге зерттеу жүргізіледі, қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button