Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты болмағандықтан қырық градус ыстықта тоңазтқыштары еріп, барлық азық-түліктері бүлінген. Осы мәселеге билік күшінің назарын аударту мақсатында тұрғындар жолды жабу туралы шешім қабылдаған. Ал әдістері, белгілі болғандай, тиімді болып шықты. Тұрғындармен кездесуге қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков келіп, желіде орын алған жарылысты айтып, жуырда жөндеп бітетіне уәде берді. Сонымен қатар ол, жергілікті электр беру желілері балансына алынбағанын, сәйкесінше келісімшарт жоқ екенін айтып өтті.
- Олар қызмет көрсетуге міндетті емес, себебі оларда келісімшарт жоқ. Бұл келісім тамыз айында болады. Қазір бригада шықты. Олар осы жерде болып, ақауларды жояды. Қазір кабель зақымданған, – деді Д.Гариков.
Жергілікті тұрғындар өз кезегінде, егер жағдай қайталанатын болса, жолды көліктермен жауып, басталған акцияны одан ары жалғастыратындықтар жеткізді.
Semey News



