ҚоғамСемейТОП

Семей өңірінде төрт ауылдық округі әкімдерінің сайлау өтуде

Таңғы сағат 07:00-де Айнабұлақ, Алғабас, Достық және Жиеналы ауылдық округтерінде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Semey News.

Әр ауылдық округтегі сайлау учаскелері сайлауға қызу кірісті. Сайлау учаскелерінде жеті адамнан тұратын комиссялар жұмыс істеуде. Округтер бойынша жалпы сайлаушылардың саны 1898 адам (Айнабұлақ – 132, Алғабас – 501, Достық – 822, Жиеналы – 443).

12 адамның кандидатурасы ұсынылған.

Сайлау учаскелері материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әкім аппаратымен сайлаушылар үшін жеке қорғану жабдықтары берілді (маска – 1898, антисептиктер – 130 литр, қалам – 1898).

Semey News

Осы айдарда

Back to top button