Семей
29 қарашада Семей қаласындағы автобустарда жүру тегін болады

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 29 қараша мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетініне байланысты қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады.
Бұл шара тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
29 қараша күні қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру тегін.



