«Әділет» партиясының кандидаттары университет ұжымымен ашық диалог өткізді

Өңірдің болашағы – сапалы білім алған ұрпақ, тұрақты экономика, дамыған инфрақұрылым және халықтың өмір сүруіне қолайлы орта. Бұл бағыттардың барлығы өзара тығыз байланысты. Осы мәселелер Шәкәрім университетінің ұжымымен өткен кездесуде талқыланып, «Әділет» партиясының Абай облысы бойынша алдағы бес жылға арналған даму басымдықтары таныстырылды.
Кездесуде партия атынан ұсынылған кандидаттар Айдар Ибраев, Думан Орынбеков, Ербол Түскенов, Мұхит Тұрсынов, Арайлым Әлімжанова, Әйгерім Жұмақанова, Мерей Қарт, Жарқынбек Байсабыров және Саят Танатаров сөз сөйлеп, 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Бағдарлама тоғыз басымдықты қамтиды. Атап айтқанда, заң мен тәртіпті нығайту, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімділігін арттыру, өңірлерді дамыту, әділ экономиканы қалыптастыру, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту, әлеуметтік қолдау, адами әлеует, мәдениет және экологиялық жауапкершілік мәселелері қарастырылған.
«Біз өңірдің дамуын тек жол, тұрғын үй немесе өндіріс көлемімен ғана өлшемеуіміз керек. Ең бастысы – адамға жасалған жағдай. Жас маман туған жерінде сапалы білім алып, жұмыс таба алса, отбасы баспаналы болып, ауыл тұрғыны қажетті қызметтерге қол жеткізсе, бұл – дамудың нақты нәтижесі. Сондықтан бағдарламаның әр бағыты тұрғындардың күнделікті өмірімен байланысты болуы тиіс», – деп атап өтті кездесуде Айдар Ибраев.
Кездесу барысында бағдарламада көзделген нақты міндеттерге де тоқталды. Олардың қатарында жыл сайын кемінде 348 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 678 шақырым жолды жөндеуге ықпал ету, 43 су құбыры нысанын салу және реконструкциялау, 8 мектеп салу, сондай-ақ Семей қаласында жаңа медициналық нысандарды іске асыру бастамалары бар.
Сондай-ақ, адами капиталды дамыту, жастарға мүмкіндік жасау, білім беру мен ғылымның өңір экономикасындағы рөліне де назар аударылды. Университет ұжымымен пікір алмасу өңірдің даму міндеттерін талқылауға және қоғаммен ашық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Абай.
Заказчик: Ибраев А.М.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Абай



