Абай облысыТОПЭкономика

Мақаншы ауданында инвестициялық жобалар қарқын алып келеді

Мақаншы ауданында инвестициялық белсенділік артып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі едәуір ұлғайып, өсім қарқыны 231,9 пайыз болды. Жеке қаражат есебінен жүзеге асқан инвестициялар да көбейіп, 183,5 пайызға жетті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Дәурен Қойгельдин мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өңірге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр.

Мақаншы ауылында «Di-Nur company» ЖШС «Жайтөбе май» май өңдеу зауытының құрылысын бастап кетті. Кәсіпорын іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады жоспарланып отыр. Сонымен қатар серіктестік мал азығын өндіру және асфальт шығаратын өндірістер қатар дамып келеді.

– Жаз мезгілінде жанар-жағар май тапшылығын болдырмау үшін Мақаншы – Жалаңашкөл жолының бойында «Qazaq Oil» акционерлік қоғамының жанармай құю бекеті іске қосылды. Бұл нысан аудан тұрғындары мен демалушылар үшін өте маңызды. Туризм саласында да ілгерілеу бар. Жергілікті инвесторлардың қолдауымен ауданда алғашқы «БАҚ-АНА» 50 орындық қонақ үйі пайдалануға берілді, – деді Дәурен Қойгельдин.

Алдағы кезеңде де бірқатар ірі жобаня жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Мақаншы ауылында «Royal Petrol» жанармай құю бекетін салуға жер бөлінді. Сондай-ақ Қаратал ауылдық округі аумағында «Лукойл» компаниясының жанармай құю бекетін ашу жоспарланған.

Алакөл жағалауында туризмді дамытуға бағытталған ірі бастамалар да бар.

– «Alakol medical tourism» ЖШС мен Әзірбайжан Республикасының «АИК» акционерлік қоғамы бірлесіп 5 жұлдызды емдеу-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге «Астана САНБАО» және «Тарбағатай Тревел» серіктестіктері заманауи демалыс орындарын салуға ниетті, – деді аудан әкімі.

Өңір экономикасы үшін маңызды жобалардың бірі – «Бақты – Аягөз» теміржолы құрылысы. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды жүргізіліп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button