ҚазақстанҚоғамТОП

Елена Рыбакина Президентке кітап сыйлады

Әлемнің 7-інші, Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кітаптың алғашқы бетіне теннисші «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Елена Рыбакинадан. Астана. 13.04.2023» деп қаламмен жазды.

Wimbledon-2022 авторлары – Paul Newman, Alix Ramsay.

Еске салайық, 2022 жылдың шілдесінде Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің жеңімпазы болды.

photo
Теннисшіні тарихи жеңісімен алғашқылардың бірі болып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Бүгін Е.Рыбакинаны ҚР Президенті Ақордада қабылдады.

«Бүгін Мемлекет басшысымен кездесуде болдым. Әрине, таңертең өте қобалжулы едім. Дегенмен, жалпы бәрі де жақсы өтті. Өзімнің алдағы жоспарларыммен, турнирлер туралы ақпаратпен бөлістім. Ертең Қазақстанда, осы астанада өнер көрсетеміз. Баршаңызды көргеніме қуанышты боламын. Әрине, жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жетемін деп үміттенемін. Мұнан кейін де бүкіл командамызбен бірге жарқын жеңістерімізбен қуанта береміз», – деді Елена Рыбакина Мемлекет басшысының қабылдауынан кейінгі брифингіде.

photo


Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button