Семейде «Студенттік жастар театры-2023» фестивалі өтті

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай қалалық мәдениет сарайында «Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен дәстүрлі «Студенттік жастар театры-2023» фестивалі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Байқаудың мақсаты: Дарынды жастарды қолдау, жастардың уақытын тиімді өткізу, театр өнерін жаңа деңгейде насихаттау.
Фестиваль аясында төрт студенттік театр өзара бақ сынасып, нәтижесінде:
І орынды – “Қарагөз” жастар театры (Шәкәрім университеті); (50 000 тг);
ІІ орынды – «Шаңырақ» жастар театры (Құрылыс колледжі); (40 000 тг);
ІІІ орынды – “Ес-Аймақ” жастар театры (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі); (30 000 тг);
ІІІ орынды – “Ес-Аймақ” жастар театры (М.Төлебаев атындағы музыкалық училище) (30 000 тг) иеленді.
“Үздік режиссерлік жұмыс” номинациясын “Ес-Аймақ” театрының жетекшісі Ислам Фарухұлы (20 000 тг),
“Үздік ер адам рөлі” номинациясын Мағауия Сұңғат (20 000 тг) және “Үздік әйел адам рөлі” номинациясын Аружан Жұмабайқызы (20 000 тг) иеленді.
Semeynews.kz