Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Биылғы жылы Абай облысының Бесқарағай ауданында бірқатар ірі жобалар іске асырылмақ

Абай облысының Бесқарағай ауданының бірқатар ауылдары ауыз сумен қамтамасыз етіліп, жолдары жөнделеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылы облыстың Бесқарағай ауданындағы Ерназар, Жетіжар, Бесқарағай ауылдарында су құбыры желілерін және су тарту құрылыстарын салу жоспарлануда. Сонымен қоса, Кривинка, Баскөл, Канонерка, Бозтал, Кіші-Владимировка ауылдарының су құбыры желілері қалпына келтіру бойынша жобалық құжаттама әзірленетін болады. Ал, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектеп пен жүзу бассейнін салу көзделіп отыр.

Бұл туралы Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов тұрғындарға есеп беру кездесуінде хабарлады.

Жаңадан құрылған Абай облысының деңгейінде аудан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған елді мекендерде инфрақұрылымдардың дамуы, экономикалық, әлеуметтік салалар бойынша жобалар жүзеге асырылады.

Мәселен, Өндіріс, Жыланды, Қарабас ауылдарына кіреберіс жолдарын жөндеу мен Куликов, Қамыстыкөл көлдерінің жағалауындағы ұзындығы 450 метр қорғаныс бөгетін жөндеу жоспарлануда.

Ауданның Беген, Өндіріс, Қоянбай, Долон, Бөдене, Жетіжар ауылдарында ауылдық клубтар салынады.

2023 жылға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым бойынша 7 жоба жүзеге асырылатын болады:

Бесқарағай ауылындағы Әуезов көшесі, Старая- Крепость ауылындағы Центральная көшесі мен Бөкебай ауылының көшелері жөнделеді.

Бозтал, Қарағайлы ауылдарының көшелері мен Канонерка ауылындағы Комсомольская көшесінің бойын жарықтандыру жоспарланған.

Канонерка ауылындағы ауылдық клуб ғимаратының шатырының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, Қарабас ауылында балалар алаңы, Долон ауылында сырғанақ, Бесқарағай ауылының көшелерінде қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button