Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейліктер Республика күнін тойлауда

Ұлттық мереке “Спартак” стадионында ту көтеру рәсімінен басталды. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарына құттықтау сөз сөйледі. Мереке Арбатта “Қыран елім-Қазақстан” концертімен жалғасады. Қаланың әртүрлі алаңдарында қала тұрғындары үшін патриоттық тақырыпта конкурстар, челлендждер ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде Республика күніне орай мерекелік бағдарлама дайындалды.

Бүгін қонақтар мен қала тұрғындары үшін концерттер, спорттық ойындар, қалалық арбатта бүкіл отбасы үшін ойын-сауық, көрмелер, жағалаудағы аниматорлармен шоу бағдарлама, шеткі тұрғын алаптарында концерттер өтеді. Сондай-ақ, қаланың мұражайлары мен кітапханалары барлық тілек білдірушілер үшін ашық есік күнін өткізеді.

Мерекелік бағдарлама орталық алаңда жалғасады – сағат 19:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді, сағат 22: 00-де мерекелік отшашу шырылдайды.
Семейліктер Республика күнін тойлай бастады

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button