Семейде мас жүргізуші ЖКО жасады

Семейде мас күйінде рөлге отырған жүргізуші жол көлік оқиғасына түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 10 қазанда сағат 16:00 шамасында № 29 орта мектеп жанында орын алған.
“41 жастағы жүргізуші “Toyota CORONA” көлік құралын мас күйінде басқарып, Құтжанов көшесі “TOYOTA RAV 4” көлігімен соқтығысқан. Соқтығу салдарынан инерциясымен № 29 орта мектептің қоршауына кіріп кеткен. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.
“TOYOTA CORONA” көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, аталған бап санкциясы жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Фото: oo_osa_semey_vko
Semeynews.kz