ҚоғамСемейТОП

Семейде ауылдық округтердің әкімдерін таныстырды

25 шілдеде Семей аймағының төрт ауылдық округінде әкім сайлауы өтті, деп хабарлайды Semey News.

Бірінші рет әкімдерді ауыл тұрғындары өздері сайлады. Сайлау Айнабұлақ, Алғабас, Жиенәлі және Достық ауылдық округтерінде өтті. Бүгін қалалық әкімдікте ең көп дауыс жинаған кандидаттарды таныстырды. Қала әкімі Бақытжан Байахметов сайлау жоғарғы деңгейде өткенін атап өтті.

– Биылғы жылы төрт сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың саны 1898 адам болды. Сайлаушылардың 90,7% дауыс берді, бұл өте үлкен көрсеткіш. Сайлауға 12 кандидат қатысты, соның ішінде үш кандидат “Nur Otan” партиясынан және бір кандидат «Ауыл» партиясынан, ал қалғандары өздерін ұсынушылар, – деді Бақытжан Байахметов.

Сайлау нәтижесі бойынша Алғабасы ауылдық округінің әкімі лауазымына Доғалаң ауылындағы Быхин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің директоры Төлеген Құсайынов сайланды. Осы лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жыл. Кандидатқа сайлаушылардың 94,5% дауыс берді.

Қалған ауылдық округтерде өзгеріссіз қалды. Достық ауылдық округінің әкімі лауазымына Нұркен Жарлыкенов қайта сайланды. Осы лауазымдағы жұмыс өтілі 9 жыл, оған сайлаушылардың  92% дауыс берді.

Жиенәлі ауылдық округінің әкімі Гүлжан Сыздыханова. Осы лауазымдағы жұмыс өтілі 8 жыл. Сайлаушылардың 85,6 % дауыс берді.

Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына қазіргі әкім, «Ауыл» партиясынан кандидат Жаннұр Адкеев қайта сайланды. Осы лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жыл. Сайлаушылардың 89,7% дауыс берді.

–  Халық қолдауымен өз қызметтеріңізді жалғастырыңыздар, қолданыстағы бағдарламаларды жүзеге асырыңыздар, ел игілігі үшін қызмет жасаңыздар. Халықтың сенімін ақтайтындарыңызға сенімдімін,- деп қорытындылады Бақытжан Байахметов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button